Алматы полициясы «MEGA» сауда орталығын қоршауға алды


Алматы қалалық полициясы MEGA Alma-Ata сауда орталығын қоршауға алды.


MEGA Alma-Ata сауда орталығының күзет қызметі таңертеңгі күзет кезінде «Қазпошта» бөлімшесінде күдікті зат тапты. Орталықтан қызметкерлерді эвакуациялау және сауда үйіне келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды сыртқа шығаруға шешім қабылданған.


Кейіннен анықталғандай, сауда үйінде табылған қорап бос болып шықты.


«Арнайы қызметтерді тексеру нәтижесінде қауіпті нысандар табылған жоқ. Қазір эвакуация аяқталды. Сауда орталығы әдеттегідей жұмыс істеп жатыр»,-деп хабарлады полиция департаменті.