Украина президенті 14 сағат бойы журналистермен сөйлесті


10 қазан күні Киевте Украина президенті Владимир Зеленский үлкен баспасөз конференциясын өткізді. Жиын сағат 10.00-де басталып, 14 сағатқа созылып, түнде бірақ аяқталды, деп хабарлайды Украинская правда.


Баспасөз мәслихаты Kyiv Food Market фудкортында өтті. Зеленский тамақтанып үзіліс жасамастан, БАҚ өкілдерін үстел басында қабылдады. Мемлекет басшысына жүздеген украин және шетел журналистері сұрақтарын қойды. Зеленский жеті-он адамнан құралған журналистер тобына жауап берді. Әр топқа президентпен сөйлесуге жарты сағаттан берілді.



Украина президенті Майдандағы наразылықтар жайында, Петр Порошенко туралы, Донбасстағы соғыстың аяқталғаны және "Штайнмайер формуласы", Дональд Трамптың "қысымы", Кличконың жұмыстан босатылуы туралы, "112" телеарнасының лицензиясынан айырылуы мен сайлауда уәде етілген мәселелер жөнінде сөз қозғады.


«Мен Владимир Путинге қоңырау шалдым, барлық қоңырауларды өзім жасадым. Тәж менен түспейді, өйткені мен соғысты расымен аяқтағым келеді. Сондықтан, бұл біз жақтан жасалған алғашқы қадамдар деп санаймын», - деді ол.
«Екі тарап да соғысты аяқтағысы келеді. Екі тарап та белгілі бір форматта кездесуге, сөйлеуді бастау керек.Риториканы өзгертіңіз. "Біз ондай емеспіз" дегенді тоқтату керек. Бұл сіздің ішкі қақтығыстарыңыз, оны өзіңіз шешіңіз» - деп қосты Украина президенті.



Шараны Украина ұлттық рекордтар тізімі атап өтті. Рекордтар кітабының өкілдері сегіз сағаттан соң Зеленскийге сертификат табыстады, онда "президенттің әлемдегі ең ұзақ баспасөз мәслихаты" деп жазылған.