Иранда әйелдерге футбол көруге рұқсат берілді


10 қазан күні Иранда әйелдердің стадионда футбол көруіне 1981 жылдан бері алғаш рет рұқсат берілді.


Кеше үш мыңнан астам әйел ел астанасы Тегерандағы "Азади" стадионында өткен Иран-Камбоджа футбол матчына келді. Ойын ирандықтардың жеңісімен аяқталды. Есеп 14:0.


Human Rights Watch (Адам құқығын қорғау ұйымы) билеттер тек таныспен сатылғанын, 78 мың орындық стадионында әйелдерге 3,5 мың ғана орын бөлінгенін сынады. Ал Amnesty International ұйымы оқиғаны "көзбояушылық" деп атады.