Тоқаев Түркіменстан президенті Бердімұхамедовпен кездесті


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.


Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы өзара сенім мен ашықтыққа құрылған саяси түсіністіктің жоғары екенін атап айтты.


«Киелі түркімен жеріне табаным тиген алғашқы сәттерден бастап маған көрсеткен құрметіңізге ризамын. Өзінің әсемдігімен көз тартатын Ашхабад қаласына тағы келгеніме қуаныштымын. Менімен бірге үлкен делегация келді. Біздің көптеген перспективалы жобаларымыз бар. Елдеріміз арасындағы әріптестік өте жоғары деңгейде дамып келеді деп ойлаймын. Бұл тұрғыда Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен өзіңіздің үлестеріңіз зор»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекеттер басшылары екіжақты кездесудің күн тәртібіндегі аймақтағы жағдай, әртүрлі халықаралық формат шеңберіндегі өзара іс-қимылдар секілді ауқымды мәселелер талқылады.