Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты


10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы оның туысы Санжар Алтаев Instagram парақшасында хабарлады.


Ақпаратты HOLA News тілшісіне экс-министрдің адвокаты Мади Мырзағараев растады. Оның айтуынша, Бишімбаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатқан.


Журналист оның қамауға алынғанына бір жыл болғанын айтып, "бұл жағдай дұрыс па" деп сұрады.


"Оның ұсталу ісі 2017 жылдан басталды. Одан бері үш жыл болды. Сот қаулысы кеше күшіне енген. Бүгін ол қамаудан босап шықты",- деді адвокат.


ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері Қуандық Бишімбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандыру себебін түсіндірді.


25 қыркүйекте Шымкент қаласының Абай аудандық сотында Бишімбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қаралды.


"Сот өтінішті қанағаттандырды. Соттың тиісті шешімі 11 қазанда заңды күшіне енді. Мұның алдында Бишімбаев Мемлекет басшысына кешірім жасау туралы өтінішхат жолдаған болатын. Ол 2019 жылдың ақпанында тағайындалған жаза мерзімін қысқартты. Бишімбаев кінәсін толық мойындады және өкінетінін айтты. Сот талаптары орындалды. Ол жазасын өтеп жүргенде оң мінездеме алды және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысты", - деп хабарлады комитет өкілдері.


Еске сала кетсек, 2016 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген еді. 2017 жылдың 13 қаңтарында экс-министр пара алды деген күдікпен тұтқындалды. 


2018 жылдың 14 наурызында ол "жемқорлық" бабы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны Қызылорда қаласында шыны зауытының құрылысы кезінде бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп тапқан еді. Сотталғандардың ішінде онымен бірге 22 адам ("Бәйтерек Development" АҚ – ның бұрынғы басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларның өкілдері) болды.


2019 жылдың ақпанында ол жазасын өтеу үшін Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа түзету мекемесіне ауыстырылған.