Тоқаев ТМД елдері арасында бірыңғай виза енгізуді ұсынды


Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Шенген келісімі бойынша ТМД елдері үшін бірыңғай визаны енгізуді ұсынды, деп хабарлайды «Интерфакс».


ТМД елдеріндегі визалық ережелеріндегі айырмашылықтар туристерге қиындық туғызады. Бірыңғай виза туристік ағымды айтарлықтай арттырады, дейді президент Қасым-Жомарт Тоқаев .


«Өкінішке орай, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің визаларында және көші-қон туралы ұлттық заңнамаларында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Олар бірқатар ТМД елдеріне барғысы келетін шетелдік туристер үшін қолайсыздықтар туғызады. Мен бұның екенін түсінемін. «Шенген келісімінің» шарттарымен «Достастық визасы» режимімде шығару керек. Мұндай тәсіл туристерді көбейтуге мүмкіндік береді. Әрине, біздің сарапшыларға бұл мәселе туралы байыпты ойлану керек»,- Қасым-Жомарт Тоқаев.