«The Planet of ART-2019» халықаралық фестивалінің финалистері марапатталды


9 қазан күні Республика сарайында «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль-конкурсының финалистері марапатталды.


Шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасының Қоры бірлесіп ұйымдастырған. 



Жоба вокал, аспаптық және хореографиялық өнер номинациялары бойынша Орта Азия мен Ресейдің 12-17 жас аралығындағы 3500-ден астам баланы қамтыды.


«Бұл жоба әлеуметтік сипатта болады, сәйкесінше, іріктеу және бағалау кезінде біз шалғай аудандар мен ауылдық жерлердегі балалар мен жастарға олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және халықаралық аренада қатысушы елдердің мәдениеттерінің әр түрін танымал етуге жақсы жағдай жасау үшін ерекше назар аудардық. «The Planet of ART – 2019» фестиваль-байқауының халықаралық атмосферасында біздің финалистер достық қарым-қатынастарын нығайтты, өйткені олар дайындық кезінде бастан кешкен керемет сәттердің жарқын естеліктерін сақтап, бейбітшілік пен тату көршілік, рух бірлігі мен біртұтастық идеалдарын түсінеді, олар баға жетпес тәжірибе жинады, бұл олардың әрқайсысын жеңімпаз етеді», - деді Болат Оралұлы Ақшолақов, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті.



Іріктеу турының нәтижелері бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген 16 ең танымал финалистер анықталды.


«The Planet of ART – 2019» фестиваль—байқауында ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Беляков, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева және жас әнші Данелия Тулешова өнерлерін көрсетті.



Қазылар алқасының тәуелсіз шешімінің нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

1)   Вокалдық номинация - Анна Чечерина (Ресей).

2)   Хореографиялық номинация - Абай Юсупов (Қазақстан).

3)   Аспаптық номинация - Азиза Орузбаева (Қырғызстан).

 


Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің арнайы жүлдесін Санжар Сагандықов (Қазақстан) иеленді.




Фестивальге Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы және жобаның бас серіктесі - Eurasia Resources Group (ERG), сонымен қатар также «VNSV ART», «Тенгизшевройл», «Total E&P Kazakhstan», «ExxonMobil Kazakhstan», «Sky Bridge Invest», «Highway TV», «Caspian Projects Supply Company» «GG Style» сұлулық салоны және Хаджаевтардың сурет студиясы.