Ашхабадта ТМД елдері басшыларының кеңесі өтті


Ашхабадта ТМД елдері басшыларының кеңесі өтуде.


Кеңеске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Жиында ТМД елдері басшылары ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын атуда.


Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.