Шамалғандағы апаттан зардап шеккен екі қыздың жағдайы белгілі болды


Шамалғанда апатқа ұшыраған екі қыздың денсаулығы қалай екені белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева айтты.


5 және 3 жастағы қыздар бүгін №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында неврология бөлімшесінде жатыр. Үлкені Балалар шұғыл көмек көрсету орталығынан - 3 қазанда, кішісі 7 қазанда ауыстырылды.


«Қазір қыздардың үлкенінің жағдайы орташа, өздігінен тамақ іше алады, жүреді, жүгіреді, ойнайды, сұрақтарға жауап береді, эмоциялары нақты. Иық буынының оң жақ сынығы бар, гипс салынған. Кіші қызда – орталық-жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан жағдайы тұрақты ауыр, тетрапарез түріндегі қозғалыс бұзылыстары бар, зонд арқылы тамақтанады. 3 қазанда комадан шықты»


«Алдағы уақытта оңалту орталығында оңалтудың екінші кезеңі жоспарланып отыр. Балалар барлық медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр. Тұрақты негізде бейінді мамандарды тарта отырып, консилиумдар өткізіп келеміз», - деді дәрігер.