Арыс қаласы маңында оқ-дәрі жарылып, бір адам қаза тапты


Арыс маңындағы полигон аумағында оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде жарылыс болып, әскери қызметкер көз жұмды.


11 қазанда полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жиналған оқ-дәрі фрагменттерін жою кезінде оқ-дәрі уақытынан бұрын жарылып, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А. С. Ақышев қаза тапты.


Оқиға болған жерден алынған ақпаратқа сәйкес, жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілді.


Трагедияның нақты себебі мен салдары анықталуда. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.


Ведомство бұл жағдай полигонға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына қауіп төндірмейтінін түсіндірді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізіліп жатыр.


Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады.