Нұрлан Смағұлов жаңа қызметке тағайындалды


Қазақстан велосипед спорты федерациясының жаңа президенті тағайындалды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.


Дархан Қалетаев Қазақстан велоспорт федерациясы президенті қызметінен кету туралы шешімге келді. Федерацияның жаңа президенті болып Нұрлан Смағұлов сайланды.


Ұйымның кеңейтілген отырысы барысында федерация мүшелері ҚВСФ-ның жаңа президенті етіп Смағұловты сайлауға бірауыздан дауыс берді. ҚВСФ жаңа басшысының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.


Наурыз айында Дархан Қалетаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.