Винокуров Ironman Әлем чемпионатында жеңіске жетті


2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Конада (Гавай, АҚШ) өткен Әлем чемпионатында өз жас категориясында жеңімпаз атанды, деп жазады Olympic.kz. 


Спортшы 45-49 жас санатында өнер көрсетіп, бірінші кезеңдегі 3,8 шақырымға жүзу тапсырмасын 1:09:06 секундта орындап шықты. 


Велокезеңнің алдында ол 150 үздік спортшының қатарында болған еді. 


Велосынақта ол алдыңғы орынға шығып, 180 шақырымды 4:21:06 секундта бағындырды. 


Жүгіру дистанциясында спортшы көшбасшылықты сақтап, өз категориясында алғашқы болып мәреге жетті.


Спортшы Ironman-нің толық қашықтығын 8:48:24 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды. Ал барлық қатысушылардың арасында 43-ші болды.