Алматы қаласы сауда бойынша көш бастап тұр


Елімізде Алматы қаласы бөлшек сауда бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті. 


Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ:


  1. Алматы қаласына (31,2%)
  2. Нұр-Сұлтан қаласына (12%)
  3. Қарағанды облысына (9%)
  4. Шығыс Қазақстан облысына (8,8%) келеді.



Бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 8054,4 миллиард теңгені құрады, 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5,5%-ға көп.