Дүйсенбі күні кей өңірде ауа райы бұзылады


«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 14 қазан күні 4 өңірде ескерту жариялады.


Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің күші 25 м/с артуы мүмкін. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел тұрады.


Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 15-20 м/с екпінімен жел соғады.


Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с артады.


Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.