Кореяда бала қаққан қазақстандық елге қайтып оралды


Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандық Инчхонға қайтып оралды, деп хабарлайды M.yna.co.kr


Басылымның хабарлауынша, апатқа кінәлі 20 жастағы қазақстандық азамат өз еркімен Инчхон әуежайынан түсіп, Оңтүстік Кореяға барған. Сондай-ақ, апат үшін кешірім сұраған.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, отандасымыз Чангвон қаласының тергеу изоляторында көрінеді.


"ҚР азаматының келу барысы Елшілік қызметкерлерінің бақылауында өтті. Дипломаттар жеке сұхбат барысында оның құқықтарын түсіндіріп, тергеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі ұстаным бағыты туралы кеңес берді. Қазіргі уақытта отандасымыз Чангвон қаласының тергеу изоляторында. Елшілік бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауда",- .деді министрліктен.


Оңтүстік Кореядағы қазақ диаспорасы баланың отбасына көмек ретінде қаражат жинаған. Бірақ отбасы бұл көмекті алудан бас тартты, өйткені медициналық сақтандыру емге кеткен ақшаны жабатын көрінеді.


Зардап шеккен бала қазір өздігінен қозғала бастады. Әкесінің айтуынша, ол адамдардан қорқып қалған.


Оңтүстік Кореяның әділет министрі істің мән-жайын тергеуді өз бақылауына алды.


Еске сала кетсек, 18 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында қазақстандық азамат жеті жасар баланы қағып кетті. Ол апаттан бір күн өткен соң, Оңтүстік Кореядан ұшып кеткен болатын.


Баланы дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда қағып кеткен. Көлік апат болған жерден бірнеше шақырым жерде табылды.


Бұдан соңғ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оның Павлодарда жүргенін, сол жақта біздің жергілікті құқық қорғау органдары оны тауып, сөйлескенін айтқан болатын.