Алматы әуежайында жалған төлқұжатпен екі ирандық тұтқындалды


«Алматы» әуежайында шекарашылар екі ирандық азаматшаларды Италия Республикасының қолдан жасалған паспортымен ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.


«12 қазанда сағат 06.30-да «Алматы» әуежайындағы «Алматы» өткізу пунктінде шекарашылар Италия Республикасының жалған паспортымен «Ыстанбұл – Алматы» бағытымен ұшпақ болған екі Иран азаматын анықтады», делінген хабарламада.


Оларда әуе рейсін ресімдеу кезінде ұсынылған құжаттардағы Италия паспорттарының жасанды екені анықтады.


«Шекара жасағы аталған паспорттарды жіті тексерді. Италия паспорттары бектілген үлгіге сәйкес келмейтіндіктен толық жасанды екені анықталды. «Алматы» өткізу пунктінің шекарашылары жалған құжат ұсынғандардан Иранның паспортын тауып алды», делінген хабарламада.


Шекарашылардың мәліметінше, құқық бұзған азаматтар анасы мен қызы болған.