Көктөбеде Малайзия азаматының құжаттары жоғалды


Алматы полициясы департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына малайзиялық туристің жоғалған құжатын табуға көмектесуді сұрайды.


Департаменттің хабарлауынша, Көктөбе саябағында Малайзия азаматы Cheah Peng Hock құжаттары бар қол сөмкесін жоғалтып алған. Осы себепті шетелдік қазіргі уақытта отанына орала алмай отыр.


Бұл кадрларда құжатты тауып алған отбасы бейнеленген.



"Егер осы фотосуреттегі адамдарды білсеңіздер немесе көрсеңіздер, Медеу ауданының полиция басқармасына келесі телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 2544802, 2544809 және 87017395394", - дейді департаменттен.