Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы өсті


Қазақстанда әлемдік баға мен экспорт көлемінің өсуі аясында ет, нан және жарма бағасы өсті, деп айтты Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.


Оның айтуынша, Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдай тұрақты қалыпқа келді.


«Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты Инфляция таргеттелген 4-6 пайыздық дәлізінен асқан жоқ. Қыркүйекте жылдық инфляция 5,3 пайызға дейін баяулады. Алдыңға айда ол 5,5 пайыз болған еді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша әсер еткенін атап өту керек. 2017 жылдың басынан бері ол ең жоғарғы 9,1 пайыздық деңгейге жетті. Ет бағасы - 13,5 пайызға, нан, тоқаш өнімдері мен жарма - 12,7 пайызға өсті. Олардың инфляциялық үлесі – 1 пайыз», - деді Ұлттық банк төрағасы. 


Ал азық-түлікке жатпайтын ақылы қызметтер бағасы инфляцияны тежеуге ықпал етіп, жылдық өсім 5,4 пайыз болған.