Министр: Мерзімді әскери қызметшілер Арыстағы жұмысқа тартылмайды


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мерзімді әскери қызметшілердің Арыс қаласы полигонындағы жұмысқа тартылмайтынын айтты.


«Қазіргі уақытта Арыстағы жағдайды ретке келтіру үшін 700 әскери қызметші жұмылдырылған. Біз ол жаққа мерзімді әскери қызметшілерді тартпаймыз. Онда біліктілігі жоғары, дайындалған саперлер, инженерлер мен әскери полицейлер ғана барады. Барлығы да - келісімшарт бойынша қызметтегілер»


«Жоғарғы Бас Қолбасшының бізге берген тапсырмасы бар. Оқ-дәрілерді тезірек алып шығу мақсатындағы мемлекеттік қажеттілік, Арыс қаласы тұрғындарының талаптары баршылық. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Нұрлан Ермекбаев.


Министр қаланы оқ-дәріден тазарту жұмыстарын тек маманданған әскерилер жүргізе алатынын атап өтті.


«Бұл әлбетте, қауіпті жұмыс. Арыс қаласының тыныштығын сақтап, тапсырманы орындау үшін әскери қызметшілер саналы түрде тәуекелге барып жүр. Әскери қызметшілерден басқа ешкім бұл жұмысты атқара алмайды. Бұл үшін, тағы да айта кетейін, дайындығы мығым әскери мамандар тартылған. Дәл қазіргі уақытта қала тұрғындарына тікелей қауіп жоқ. Қала толығымен тазартылған. Негізгі жұмыс жарылыс болған әскери бөлім аумағында жүргізілуде», - деді министр.