Бразилиядан Қазақстанға кокаин жеткізіп келген сыбайластар 15 жылға сотталды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті.  


2019 жылғы наурызда Алматы қ. әуежайында кокаинді контрабандалық әкелуді жүзеге асырды деген күдікпен «Дубай-Алматы» авиарейсінің жолаушысы ҚР азаматы М. Сатыбалдиевті ұстаған болатын.


«Ұсталған адамды тексеру кезінде, оның ішінде Алматы қ. қалалық клиникалық ауруханасы жағдайында емдеу мекемесінің медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар жолымен М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынды», делінген хабарламада.


Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туыстық байланысы Л. Құрманбаева ұсталды.


Олар ҚР ҚК 297-бабы 3-б. және 286-бабы 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.