Вице-министрдің диссертация дауына ресейлік компания жауап берді


Ресейлік "Антиплагиат" компаниясы Фатима Жақыпованың диссертациясының плагиатқа тексеруден өтпегені туралы жанжалға жауап берді.


Фатима Жақыповаға қатысты дау осы жылдың қыркүйек айында басталған. Министрлік қызметкерлерінің бірі БҒМ вице-министрі диссертациялық жұмысының жартысынан көбі басқа ғылыми еңбектерден алынғанын айтқан болатын. Ал Жақыпованың өзі әлеуметтік желіде бұл айыптауларды теріске шығарған.


"Біздің мамандар Жақыпова диссертациясының мәтініне мұқият талдау жасап, диссертация мәтінінің кемінде 52% -ы Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар коллекциясынан алынған мақалалар мен диссертациялар мәтіндерінің толық көшірмесі екендігін растады. Зерттеу жұмысының нәтижелері мәтіннің негізгі бөлігі көшірілген", - деп мәлімдеді компанияда.


Антиплагиат Жақыпованың диссертациясының мәтінін тексеру туралы есеппен толық танысып, оны ашық қол жеткізуге ұсынды.


Компания бұл диссертацияны неге тексеріп, көпшілікке жариялауға мәжбүр болғандарын айтып берді.


Cебебі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне жолданған сауалға олар "Жақыпованың диссертациясы Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында Анти-плагиат "технологиялық жүйесіне" сәйкес тексеріліп, ғылыми жұмысты тексеру кезінде ешқандай сәйкестік таппаған" деп жауап берген.


"Біз қанша ұсыныс тастасақ та Қазақстанның Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы ешқашан бұл технологияның иесі - ресейлік компаниядан "Антиплагиат" жүйесін сатып алған емес әрі оның қызметіне ешқашан жүгінген жоқ. Ал Жақыпованың диссертациясын тексеру кезінде олар қандай жүйені қолданғанын біз анықтай алмаймыз", - делінеді фирманың хабарламасында.


Осы себепті ресейлік компания бұл дауға қатысты баспасөзге берілген хабарламалардан өз компания атауын алып тастауды талап етті.