Белсендіге оқ ату ісі: Күдікті экс-әкім қамаудан босатылды


Белсендіге оқ атты деген күдікпен ұсталған Алматы облысындағы ауылдық округтің бұрынғы әкімі кепілмен қамаудан босатылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.


"4 қазанда Алматы қалалық сотында ауылдық округтің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазовқа қатысты Талғар аудандық соты шығарған қаулы өзгертілді. 2500 АЕК мөлшерінде кепілдік айыппұл тағайындалды (6 312 500 теңге. 1 АЕК - 2525 теңге - автор)", - делінген хабарламада.