Жапониядағы тайфунға байланысты Нұр-Сұлтан-Токио рейстері кешіктіріліп жатыр


Токиодағы қазақстандық туристермен не болды және олар қашан елге орала алады?


SCAT әуе компаниясының қолдау қызметінің хабарлауынша, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан-Токио бағытындағы рейстер кешіктіріліп жатыр. SCAT - әр сейсенбі және сенбі күндері Нұр Сұлтаннан Токиоға тікелей қатынайтын жалғыз әуе компаниясы.


«15 қазаннан бастап өзгеріссіз, кестеге сәйкес ұшады. Кейбіреулер алдағы күндерге брондап жатса, біреулері билеттерді қайтарып жатыр», - деп мәлімдеді компанияның қолдау қызметі.



Біз 13 қазанда ұшып кетуі керек болған Токиодағы отандастарымызбен байланысқа шықтық. Оларға авиакомпания бір күн бұрын SMS хабарлама арқылы хабарлама да жіберген екен.


«Біздің осында тұру үшін бір күнге 40 мың теңге, екі күнге 80 мың теңге төледік. 12 қазанда қалада жел мен жаңбыр жауды»,-дейді отандастарымыз.


Рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген кезде не істеу керек?


«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 86-бабында тасымалдаушының жолаушы алдындағы рейсі тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда тасымалдаушы тарапынан жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz ақпараттық порталы.


Егер рейс тасымалдаушының кінәсінен он сағаттан астам уақытқа тоқтатылса немесе кешіктірілсе, тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша:


Заңның 86-бабының 1-тармағына сәйкес қызмет көрсете отырып, жолаушы билетте көрсетілген бағытқа келесі рейске жеткізілуін қамтамасыз етуге және жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға міндетті.


Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарды бұзған тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. №540 авиакомпания жолаушыға немесе оған байланысты көрсетілген қызметтерді көрсету нәтижесінде келтірілген залалды немесе шығындарды өтеуді қарастырылған;