Қарағанды облысында үш елікті атқан браконьерлер ұсталды


Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының аумағына полиция департаментінің қызметкерлері үш елікті атқан 39 және 40 жастағы екі ер адамды ұстады.


Заң бұзушылар мемлекеттік нөмірі жоқ «Нива шевроле» маркалы автокөлігімен жүріп бара жатқан. Көлікті тексеру барысында «Нива шевроле» маркалы автокөліктің жүк салатын бөлігінен 3 елік етін табылған.


Ұсталғандардан бұл тұтас етті алып жүруге немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары жоқ.


«Оқиға орнына Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу шақырылды. Тексеру барысында «Нива шевроле» маркалы автокөлігінің жүк салатын бөлігінен 12 калибрлі екі мылтық табылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.



Аталған дерек ҚР ҚК 337 бабы бойынша полицияда тіркеліп, тергеу жүргізілуде.