Әлібеков қазақ тіліндегі «Илон Маск» кітабының тұсаукесерін өткізді


Журналист Бейбіт Әлібеков пен кәсіпкер Марат Сүлейменов «Илон Маск: Tesla, Space X және таңғажайып болашаққа саяхат» кітабын қазақ тілінде ұсынды.


Бұл Әлібековтің баспа ісіндегі төртінші жобасы және баспа портфолиосындағы қазақ тіліндегі алғашқы кітап.



Кітапты қазақ тіліне аудару идеясы кәсіпкер Марат Сүлейменовтен шыққан.


«Әлемдік бизнес бестселлерін қазақ тілінде шығару идеясы маған 10 жыл бұрын, мотивациялық әдебиеттерді оқумен айналыса бастаған кезде келді. Мен қазақ мектебін бітірдім. Ол уақытта ана тіліміздегі дәл кәсіпкерлік тақырыптарындағы кітаптар мүлдем жоқ десе де болады. Бұл кітап дәл өскелең ұрпаққа арналған және оларға ойларын жүзеге асыруға көмектесетініне еш күмәнім жоқ»,-дейді Марат Сүлейменов.



Кітаптың ерекшелігі, оның авторы Эшли Вэнс басты кейіпкер Илон Маскпен 50 сағаттан астам сұқбаттасып, PayPal, Tesla Motors, Space X, SolarCity сынды компаниялардың құрылу тарихын жазу үшін шамамен 300-ге жуық адаммен әңгімелескен.



Тұсаукесер барысында Әлібеков бастаған белгілі Ларион Лян, Рамиль Мухопяров, Рүстем Ермекбай секілді қазақстандық кәсіпкерлер акция өткізді. Олар кітапты сатып алып, еліміздің әр қаласындағы кітапханалар мен оқу орындарына сыйға тартуды жоспарлап отыр.


«Маған Марат Эшли Вэнстің «Илон Масс» кітабын қазақ тілінде бірлесіп шығару идеясын ұсынғанда, бірден келістім. Біріншіден, бұл бүкіләлемдік бестселлер. Екіншіден, бұл лицензияланған өнімдерді шығарудағы алғашқы тәжірибеміз. Үшіншіден, әрине ол мемлекеттік тілді қолдау. Біз қазақ тілін сәнді әрі заманауи етуге тырысуымыз керек. Сондықтан Илон Масктан басқа заманауи адам жоқ деп те ойлаймын. Тағы бір қызық жағдай айтайын, кәсіпкер Қайрат Ахметов, дәл осы кітапты оқиғаннан кейін «Сергек» бейне жазу жүйесін ойлап тапқан. Сондықтан қазақ тіліндегі «Илон Маск» кең аудиторияға қол жетімді болады деп санаймын»,-деді Әлібеков.



Кітап тікелей ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған. Аудармашылардың айтуынша кітапты толықтай ана тілге аудару үшін 9 айға жуық уақыт кеткен.


«Адамзат тарихындағы белгілі тұлға «Илон Маск» туралы кітапты қазақ тіліне аударудың өзі біз үшін жетістік. Әрине, аудару барысында көп қиындықтар болды. Мысалы «startіng wife» деген сөз бар, оны біз «жолашар әйел» деп аудардық. Ол Макстың бірінші әйелі, және дәл осы жұбайынан кейін оның жолы болып, атаққа қол жеткізген. Аз уақыт кетті деп айта алмаймыз. Сондықтан біз аударған кітаптардың ішіндегі нағыз біздің жастарға арналған дүние болды десек болады»,-дейді аудармашы Динара Жылғарбаева.



«Илон Маск» кітабын «Меломан» дүкендер желісінен, flip.kz және hommes.kz интернет-дүкендерінен сатып алуға болады.