«Цифрлық кесене»: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жаңа жүйе енгізілді


Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кірудің жаңа жүйесі енгізілді. Кеше бұл жаңашылдықты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев сынақтан өткізіп көрді.


Кесенеге келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және терминалдар аркылы билеттер алу мүмкіншілігі жасалып отыр.


Сондай-ақ, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Туристер үшін жасалған жаңа мүмкіндік «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып жүзеге асып отыр.


Кесенеге кіру билеттерін сайт арқылы (pay.azretsultan.kz) сатып алуға және терминалдар аркылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, турист билеттерді туриникеттерге QR-кодын скан жасап кіре алады.


Ал келушілердің санын бақылау бойынша толық сараптама жүргізу үшін арнайы камералар орнатылды. Мұның барлығы келген саяхатшылардың санағын жүргізуге, олардың туристік нысандарды көрудегі эмоциясын бақылауға мүмкіндік бермек.


Сонымен қатар, Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» атауына байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды.


Жобаға қатысатын еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид – нұсқаушы қызметтерін көрсететін болады.


Мәдениет және спорт министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жобаның басты мақсаты – Түркістанға келген туристерді сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету және студент жастарды алдағы уақытта туризм саласында жұмыс жасауына ынталандыру.



Қатысушылар біркелкі әдістемемен жасалған ақпаратпен және электрлі самакатпен жабдықталған. Еріктілер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты аумақта қызмет атқаратын болады. Олар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында 20 сағатқа – 20 000 теңге немесе 2 академиялық сағатты жабуға мүмкіндігі бар.


Қазіргі таңда, «Ask Me, I am local» жобасына Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 20 студенті ерікті түрде қатысуда, алдағы уақытта еріктілер санын 3 есе асыру жоспарланып отыр.