ҰОК ТОКИО-2020 Олимпиадалық киім үлгісінің дизайнына байқау жариялады


Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының киім үлгісіне конкурс жариялады.


Қазақстан ұлттық құрамасының парадтық және спорттық киім үлгісі бойынша ең жақсы дизайн идеясының авторлары ақшалай сыйлықтарға ие болады. Конкурсқа өтінімдер 2019 жылдың 14 қазанынан 14 қарашасына дейін қабылданады.


Байқау нәтижесі 2019 жылдың 23 қарашасында Olympic.kz сайтына шығады.


Келіп түскен барлық жұмыстар Қазақстан ҰОК ресми сайты мен әлеуметті желідегі парақшаларында жарияланады. Жеңімпазды жанкүйерлер пікірін ескере отырып, арнайы комиссия құрамы анықтайды.


Барлық ережелермен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.