Алматыда тағы да құбыр жарылды


Алматыда жылу құбыры жарылып, автокөліктер зақымданды, деп хабарлады Алматы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының өкілі Ян Гирин.


Төтенше жағдай Райымбек даңғылы бойында орналасқан «Максима» сауда үйінің жанында орын алды.


«Қазір жағдай бақылауға алынды. Бұл - 1997 жылы салынған ескі құбыр. 22 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Онда халық аз орналасқан. Жарақат алғандар жоқ. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Автотұрақтағы көліктер зақымданды. Көлік иелеріне «Алматы жылу желілері» мекемесі заңға сәйкес өтемақы төлейді», - деді Ян Гирин.


Сонымен қатар, автотұрақта тұрған 10-нан астам көлікті зақымдады. Мұның алдында «Алматы жылу желілері» ЖШС бүлінген көлік иелеріне заңға сәйкес компания есебінен өтемақы төленетінін айтқан еді.