Алматыға бүгін жылу беріледі


Алматы қаласына бүгін жылу беріле бастайды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.


«Бүгін кешке дейін қала бойынша барлық тұрғын үйлерге жылу беріледі», - деді Мұқажанов.


Таңертеннен бері бірінші кезекте балабақшалар мен ауруханаларда, содан кейін мектептерге жылу беріліп жатыр. Ал тұрғын үйлерге жылу үш күнің ішінде жеткізіледі.


Егер пәтеріңізге үш күнің ішінде жылу берілмесе AlTS-ке («Алматы жылу желілері» ЖШС) 8 (727) 341-07-77 хабарласыңыз болады. Сонымен қатар, әкімдікте арнайы сенім телефоны 8 (727) 262-15-11 жұмыс істейді.


Әкімдік жылу беру маусымына 100 пайыз дайындығын айтты.