Қазақстанда ең көп сатылған көлік брендтері белгілі болды


Жыл басынан қазан айына дейінгі аралықта ресми дилерлер 50 мыңға тарта автокөлік сатты. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» хабарлады.


«Қаңтар-қыркүйек аралығында ресми дилерлер 49 243 көлікті сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,3 пайызға жоғары. Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 451,2 млрд теңге жұмсап, 2018 жылғы деңгейден 27,1 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.


Көлік сатып алушы 27 795 адам немесе 56,5%-ы отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. 9 айда сатылған 21 448 автомобиль импортқа тиесілі болып отыр.


Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтер:


  1. Lada (11 092 автокөлік)
  2. Toyota (10 524 автокөлік)
  3. Hyundai (10 008 автокөлік)
  4. KIA (2 358 автокөлік)
  5. Renault (1 821 автокөлік)