Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады


Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, Премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.


«Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін»,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

 

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев та Жапонияның Императоры Нарухитоға көңіл айту жеделхатын жолдады.