Нұр-Сұлтанда бет-әлпет арқылы жолақы төлеуге болатын жүйе енгізілмек


Нұр-Сұлтан автобустарында жолаушының бет-жүзін тану арқылы жолақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы «IPay» ЖШС құрылтайшысы Алмас Айменов айтты.


«Биометрияның көмегімен бет-әлпеттің суреті арқылы төлем жасауды енгізбекпіз. Telegram-да бот құрдық. Онда сіз өзіңіздің ЖСН-ініңді, суретіңізді, автобус картаңызды тіркеу арқылы жүйеге ене аласыз. Одан кейін мәліметтеріңізді пайдалануға рұқсат бересіз. Мұнан ары телефоныңызды немесе төлем картаңызды өзіңізбен бірге алып жүру арқылы автобуста билет сатып ала аласыз», - деді ол «Қоғамдық көлік: реформалар және даму жолдары» атты конференция барысында.


Оның атап өтуінше, жүйе барынша қауіпсіз.


«Біз қауіпсіздік шегінің критерийлерін көтердік. Жүйеміз 95 пайызға дейін дәл таниды. Егер жүйенің тану деңгейі 80 пайыздан төмен болса, онда жолаушыға камераға тағы бір мәрте қарау туралы өтініш жасалады. Бастапқыдан-ақ жүйе жолақысын төлемеген адамдарды ұстау үшін емес, жолаушылардың қолдануына ыңғайлы болуы үшін жасалған. Шынымен де осы жүйені пайдаланғысы келген жолаушы камераға тура қарап, билет ала алады», - деді Алмас Айменов.


Төлемнің мұндай жүйесін қолдану барысында жолаушының суреті жүргізуші алдындағы монитордан көрініп тұрады.


«Жалпы, бұл толықтай қазақстандық әзірлеме саналады. Осыған ұқсас жүйе болуы да мүмкін. Дегенмен, біздікінің төлем жасауға да мүмкіндігі бар», - деді ол.