Сот Бағлан Майлыбаевты мерзімінен бұрын босатудан бас тартты


Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты Нұр-Сұлтан қалалық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.


Мемлекеттік құпияны заңсыз таратқаны үшін сотталған Бағлан Майлыбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген еді. 4 қыркүйекте сот оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан.


Басқарма басшысының бұрынғы орынбасары қызметінен босатылған кейін төрт күн өткеннен соң, 16 қаңтарда ұсталды. 2017 жылы маусымда Майлыбаев мемлекеттік құпияны жария еткені үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, бес жылға сотталған еді.


Сотталушыға өмір бойы мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салынды және барлық мемлекеттік марапаттарынан айырылды.  


Осы жылдың ақпан айында ол соттан қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колониядан қоныс колониясына ауыстыруды сұраған. Алайда сот өтінішті қабылдамады.


Майлыбаевпен бірге Президент Әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Николай Галихин де сотталды. Оған мемлекеттік құпияны ашты деген айып тағылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, үкіметте үш жыл қызмет атқару құқығынан айырылған болатын.


Экс-орынбасар 2011 жылғы қазанда Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол ішкі саясат пен идеология мәселелеріне жетекшілік еткен.