Деревянченко Головкинмен реванш өткізгісі келетінін айтты


Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Головкинмен реванш өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Sports.kz.


«Мен реванш өткізгім келеді, дүние жүзі осыны күтіп отырғанына сенімдімін. Бұл Головкин соңғы жылдарда өткізген ең ымырасыз айқас болды. Келесі жекпе-жекте IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы бола алатыныма сенемін. Екінші айқасқа сұраныс болады деп ойлаймын, сондықтан менің промоутерлерім мен менеджерлерім оны ұйымдастыруға барын салады», - деді Деревянченко.

Украиналық боксшы Геннадий Головкиннен реванш алудың мүмкіндігі болмаса, Сауль Альварес немесе Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді.


«Егер реванш болмаса, «Канело» Ковалевпен жұдырықтасып болған соң, онымен ұстасып көргім келеді. «Канеломен» жекпе-жек өткізетініме сенемін, өйткені, орта салмақта басқа лайықты ешкім жоқ. Егер «Канело» да жабық болса, Чарломен кездесіп, 160 фунтта шайқастың көкесін көрсетуші едім», - деді украиналық былғары қолғап шебері.