Бүгін Қанат Ислам алматылықтар алдында ашық жаттығу өткізеді


Бүгін Алматыдағы "Арбатта" қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қала тұрғындарының алдында ашық жаттығу өткізеді. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.


"Достар, сіздерді дәстүрлі ашық жаттығуға шақырамын! Алматы қаласы, Арбат. 16 қазан, 15:00. Сіздерді менің және @qazaqpromotions атынан сыйлықтар күтеді. Кіру тегін! Жақында көрісеміз!",-деп жазды боксшы.


Естеріңізге сала кетейік, 26 қазан күні Алматыда Кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегі Қанат Ислам мен мен Уолтор Каунтодоква арасында өтетін болады. Олар бірінші орта салмақтағы WBO International чемпиондық атақты сарапқа салады.