Әлемдік саясаттанушылар үш елдің басшыларына Сыроежкинге қатысты өтініш жазды


Халықаралық саясаттанушылар қытайтанушы Константин Сыроежкинге шығарылған үкімге келіспейтіндерін айтып, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ресей президенті Владимир Путинге, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге хат жазды.


Хатты 81 адам жазған. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, АҚШ, Италия, Беларусь сараптамалық және ғылыми қоғамдастық өкілдері бар.


Президенттерге жазылған хатта ғалымдар қытайтанушыға тағылған "10 жылға бас бостандығынан айыру" жазасының әділетсіз екенін айтады.


«Біздің басты алаңдаушылығымыз - әділетсіз айыптау мен үкімнің тым қаталдығы ғана емес, Константин Сыроежкиннің денсаулығында үлкен проблемалар бар болуында. Бұның бәрін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көптеген жағдайларды ескере отырып, біз сіздерден биліктеріңіз бен барлық күштеріңізді қолдануларыңызды сұраймыз. Сыроежкинді мүмкіндігінше тезірек босатып, кешірім берулеріңізді сондай-ақ, оның күрделі оңалтудан өтіп, ғылыми қызметке қайтарылуын сұраймыз", - делінген хатта.


Қол қойған адамдардың тізімін мына жерден көруге болады.