Алматыдағы Әл-Фараби көшесінде көлік адам қағып кетті


Алматыда жаяу жүргіншілер жолында адам өлімі болды.


Әл-Фараби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында көлік адамды қағып кетіп, зардап шегуші сол жерде көз жұмды. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.


"Бұл факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді және Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы жағдайды өз бақылауына алды . Қазіргі уақытта жаяу жүргіншінің жеке басы анықталуда. Өкінішке орай, ол оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады полициядан.