Министр Назарбаев әуежайының жаңа коды туралы айтты


Парламент мәжілісінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайы кодының өзгеруіне қатысты пікір білдірді.


«Әуежай коды бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бүгін Польшадан елге оралуы тиіс. Онда алты нұсқа ұсынылған еді. Шынын айтсам, бұл тақырыпта әлі де ақпарат алған жоқпын, яғни хабар күтіп отырмын», - деді Атамқұлов.


Министр азаматтық авиация төрағасының код бойынша бүгін түсінік беретінін айтады.


Айта кетейік, ұсынылған алты нұсқаның бірі NQZ коды болған еді.


IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының кодын өзгерту туралы түзетуді мақұлдады. Әуежайдың коды IATA рәсімдері мен стандарттарына сәйкес өзгертілетін болады.