ЭКО арқылы дүниге келген қазақстандық ана атанды


Экстракорпоралдық ұрықтандыру технологиясы (ЭКО) арқылы дүниеге келген қазақстандық қыз ана атанды, деп хабарлайды "ЭКО" экстракорпоралдық ұрықтандыру орталығында.


Әйел 1996 жылы экстракорпоралдық ұрықтандыру технологиясы (ЭКО) арқылы өмірге келген болатын. Ол 15 қазанда өзі де ана атанды. Жүктілік пен босану процесі табиғи түрде болды. Дені сау, салмағы 3 кг 200 граммдық сәбиді дүниеге әкелді.


"Бүгін біз пациентіміздің қызы дәрігерлердің көмегінсіз өзі ана болғанын қуанышпен хабарлаймыз. Ұрықтану, жүктілік және босану процестері табиғи түрде болды. Бұл жағдай ЭКО-мен ұрықтанған балалардың табиғи түрде ұрықтанған балалар сияқты екенін тағы да дәлелдейді",-дейді репродуктолог-дәрігер Людмила Баделбаева.


Экстракорпоралдық ұрықтандыру – жасанды ұрықтандыру технологиясы. Көбінесе ол бедеулік жағдайында қолданылады. Технология әйелдің ағзасынан аналық жасушаны алып, "in vitro" ("сынауықта") жағдайында ұрықтандырады. Алынған эмбрион инкубаторда сақталынып, одан кейін әйелдің жатыр қуысына салынады.


ЭКО-ның көмегімен әлемде 6,5 миллионнан астам бала дүниеге келді. Технология 42 жыл ішінде үлкен танымалдыққа ие болды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бағдарламасына енгізілген.