Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауады


Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды ҚазГидромет.


«Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, басым бөлігінде жаңбыр, жауын-шашын, шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста және оңтүстікте жауын шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі»,-делінген хабарламада.


Ақмола, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ал Ақмола, Жамбыл облыстарыныңда тұман күтіледі.


Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.