Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты


Сауд Арабиясына қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы жергілікті Arab News агенттігі хабарлады.


Полицияның мәліметінше, Мәдина қаласынан 170 шақырым жерде Әл-ахал елді мекеніне жақын тұста Хижраға бара жатқан автобус жеңіл көлікке соғылған.


39 жолаушысы бар автобус кейіннен барып жүк көлігімен соқтығысқан. Зардап шеккен тағы 4 адам әл-Хамна ауруханасына жеткізілген.


Автобус ішіндегі азиялықтар мен араб ұлттының азаматтары болған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.