Айыппұл төлемеген теміржол басшысы 4 жарым жыл түрмеде отырады


Темір жол ұйымының бұрынғы басшысына қатысты жаза айыппұлдан бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.


Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 2017 жылы жұмысқа орналастыру мәселесін шешем деп елеулі көлемде пара алғаны үшін 42 млн. теңгеге айыппұл жазасына сотталған болатын.


Сотпен орындалу мерзімі кейінге қалдырылған. Біршама уақыт берілгеніне қарамстан, сот үкімі осы күнге дейін орындалмағаны көлік прокурорларымен анықталды.


Сотталушыға тағайындалған қылмыстық айыппұл 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.