Месси алтыншы рет «Алтын бутса» иегері атанды


«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси алтыншы рет «Алтын бутса» иегері атанды.


Осы марапат жыл сайын Еуропа елдерінің ішкі чемпионаттарының өткен маусымдағы үздік сұрмергеніне тапсырылады.


«Мен командаластарым болмаса бұл марапатқа қол жеткізе алмайтынымды айтайын. Бұл – бәрімізге ортақ марапат. Мұнымен командамыз түгел мойындалып отыр. Баршаға рахмет келесіде кездескенше», - деді Месси.


Өткен маусымда аргентиналық жұлдыз 36 гол соққан. Екінші орында ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе тұр. Ол  Франция чемпионатында 33 гол соққан және 66 ұпай жинады. «Сампдория» шабуылшысы Фабио үшінші орынға жайғасты. Оның қанжығасында 26 гол және 52 ұпай бар.


Месси бұл награданы алғаш рет 2009-2010 жылғы маусымда алды. Бұл оның спорт карьерасындағы алтыншы марапаты.