Алматыда ірі көлік апаты орын алып, екі адам қаза тапты


Алматыда Сейфуллин мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болған жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы жеті адам зардап шегіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД.



Жол апаты кеше түнгі сағат 01:40-та орын алған. BMW автокөлігіндегі 1999 жылғы азамат спитр өнімін пайдаланғаны және үлкен жылдамдықпен келіп Audi маркалы автомобиліне соқтығысқаны белгілі болды.


Соққы салдарынан Audi көше бойындағы бағанаға және ағашқа соғылады. Ары қарай барып Subaru Forester және Toyota Carina көліктерін соққан.



Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігіндегі 1992-1993 жылғы екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.


«Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде енгізілді. БМВ жүргізушісі дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық істің материалдарын Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы өндіріске қабылдады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.