Сириядан оралған 15 қазақстандық сотталып, тағы 14-не қатысты тергеу аяқталды


«Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан оралған 14 азаматқа қатысты тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды ҰҚК.


Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Олар террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ, өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айыпталды. Іс материалы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына жіберілді.


Осыған дейін 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.


Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы бала бар.