Нұр-Сұлтан әуежайының коды 2020 жылдың бірінші қаңтарында өзгереді


Нұр-Сұлтан әуежайының коды 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап өзгертіледі, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.


Қазір әуежайдың үш әріптен тұратын кодын өзгерту бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.


«Биыл 14 қазан күні Варшавада (Польша) IATA Жолаушы тасымалдау стандарттары жөніндегі жиналысы (Passenger Standards Meeting) отырыс өткізді. Оған IATA-ның барлық мүшесі қатысты. Шарада Қазақстанның IATA-ның №763 Қарарына өзгертулер енгізу жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Бұл Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптен тұратын кодын (TSE) өзгертуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.


Қазір астана әуежайының жаңа кодына бірнеше нұсқа ұсынылған. Соңғы нұсқа талқыланып жатыр.

763-қарарға өзгерту енгізу біраз уақытты қажет етеді.


Министрліктің мәлімдеуінше, өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі қажет. Содан кейін IATA кодтың соңғы нұсқасын бекітеді.