«Малефисента: Түнек Әміршісі» фильмі қазақ тілінде прокатқа шықты


Бүгіннен бастап «Малефисента: Түнек Әміршісі» фильмі қазақ тілінде прокатқа шықты.


Бұл «Болашақ» корпоративтік қоры аударған, мемлекеттік тілде прокатқа шыққан 32-ші фильм болып табылады.



Фильмде Малефисента Аврора ханшайымына зұлымдық дуасын салғаннан соң бірнеше жылдан кейінгі оқиғаларды бейнелейді. Фильм Түнек перизаты мен болашақ патшайымның арасындағы күрделі өзара байланыс туралы, сиқырлы орманды қорғаудағы жаңа одақтастар мен қарсыластар және онда өмір сүретін сиқырлы тіршілік иелері туралы әңгімелейді.   



Ал аталған туындының бас кейіп­кері Малефисентаның дауысын қазақшалаған Гүлназ Әуесбаева. Оның айтуынша, Анджелина Джолиді дыбыстау ол бір қиын, әрі күрделі кейіпкер. Әуесбаева голливуд жұлдызын кінші рет дыбыстау ол үшін үлкен жетістік болғанын айтады.


«Дыбыстау ол екінші ойнап шығу. Әр актердің сезімін, көңіл-күйін жеткізу ол да бір ойнап шығумен тең. Фильм баршаңызға ұнайды деген үміттемін»,-дейді Әуесбаева.



Ханшайым Аврораны дыбыстау актриса Гүлнар Құрманбековаға бұйырса, ал Филипп ханзаданы қазақша сөйлесткен актер Әбілмансұр Серіков.



Фильмді екі тілде бүгіннен бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көре аласыз.