Қазақстанда бензин бағасы өсуі мүмкін


Қазақстанда бензин бағасы 10 теңгеге өсуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.


«Бүгінде бензиннің әрбір литрінде акциз бар, оның сомасы - 8 теңге. Қазіргі кезде акцизді тағы 10 теңгеге көтеру талқыланып отыр. Өздеріңіз білесіздер, бюджеттік шығыстар елеулі көлемде өсті, оның ішінде әлеуметтік міндеттемелер артты. Республикалық бюджетте әлеуметтік салаға арналған шығыстар 45 пайыздан асты. Бұл тұрғыда бюджеттік консолидация қажеттігі бар, оның ішінде акциздердің фискалды қызметі арқылы. Қаулының жобасы қазір бұқарада талқылануда, осы орайда түрлі ұсыныстар жасалып жатыр», - деді Руслан Дәленов


Оның айтуынша, акцизді арттырудың алдын ала датасы биылғы жылдың 1 желтоқсанына жоспарланып отыр.


Бүгінде АИ-92 бензинінің литрі шамамен 150 теңге, кей жерлерде 149-152 теңге аралығында.


«Егер де акциз қосылса, бензин алты пайызға қымбаттайды деп ойлаймын. Ал егер сол деңгейде қалса, бұрынғы баға сақталады. Шамамен 10 теңгеге қымбаттауы ықтимал», - деді Руслан Дәленов.