Скрингтен өту үшін ақысы төленетін 5 күнде демалысқа шығуға болады


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын таныстырды.


Жобаның жаңа редакциясында Қазақстан азаматтарына скринингтен (профилактикалық медициналық тексеру) өту үшін ақысы төленетін қосымша 5 күнге дейін демалыс беру қарастырылған.


«Кодексте жұмыс берушінің жауапкершілігі де қарастырылып отыр. Олар қызметкерлеріне скринингтен өту үшін 5 күнге дейін ақысы төленетін демалыс береді. Барлық азаматтардың белгілі бір скринингтен тегін өтуге мүмкіндіктері бар. Балаларды жыл сайын медициналық тексеруден өткізу де қарастырылған. Жұмыс беруші ақысы төленетін демалыс беруге міндетті. Оны орындамаған жағдайда жұмыс берушіге айыппұл салынады»,- деді министр.


Ал егер жұмыс беруші қызметкерін скринингтен өту үшін ақысы төленетін демалысқа жіберсе шағымдануға болады.


«Заң бойынша осындай жауапкершілік енгізілгеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек құқықтарын қорғау, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау салаларындағы комитеттеріне шағымдануға болады», - деді Біртанов.