Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады


Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады.


Мәдениет және спорт министрі президентке бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады.


Сонымен қатар министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.


Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.